АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КІТАПХАНАДАН БАСТАЛАДЫ
Бүгінгі жаһандану дәуірі барлық саладан жаңашылдықты әркез талап етіп келеді. Ол үшін еліміздің ертеңі – өскелең ұрпақ сауатты һәм саналы болуға тиіс. Оның бірден бір жолы – кітап оқу, әдебиеттің тереңіне бойлау. Бұған мектеп кітапханашыларының қосып отырған үлесі зор.
Жоғарыда сөз еткен жаһанданудың талаптарына мектеп кітапханалары да бейімделе түсуде. Соған орай облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана – ақпараттық сауаттылық мектебі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 36 кітапханашы қатысқан аталған іс-шара барысында жиналған қауым мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдас-
тыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, кітапхана оқырмандарына кітап оқуды насихаттау, кітапхана оқырмандарының оқу құзыреттілігін, медиалық-ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шахризада Усерова аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.
Келесі кезекте облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мадина Белғожаева «Кітапхана – ақпараттық сауаттылық мектебі», Жамбыл ауданы
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Гульнара Ахамаева, Меркі ауданы, №6 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапхана меңгерушісі «Кітапханашы – жасанды интеллект әлеміне жолбасшы», Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашы-педагогі Асель Журумбаева «Заманауи кітапхана тенденциялары: «Кітапхана ісіндегі жаңа трендтер мен инновациялар» және ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының кітапхана ісінің бас маманы Инна Грицинина «Ступени к творчеству» тақырыптарында сөз қозғап, өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
«БШ» – ақпарат.