Ещё один сайт на WordPress

АСТАНАДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0

Меркі аудандық білім бөлімінің Оқушылар «Үміт» сарайының «Аяла» театрының қосымша білім беру педагогы Әлия Әлімқұлова өзінің талантты білім алушы, жас әртістерімен Астана қаласында өткен «Азия жұлдыздары – 2023» атты Халықаралық шығармашылық байқауға қатысып келді.

«Аяла» театрының жас өнерпаздары бұл байқауға балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын сахналап, дайындап барды.
Қожа рөлінде Ернияз Рамазан, анасының рөлін Айғаным Фермебай, әжесін Аида Срайл сомдады.
Әлімқұлова Әлия жетекшілік ететін вокал үйірмесінің әншілері Нұрасыл Әкімқұл «Қазағым-ай», Айым Серікқали «Тәуелсіздік», Таңнұр Төстік Абайдың «Сегіз аяқ» әндерін әсерлі орындап шығып, барған балалардың бәрі Бас жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ, аталған байқауға Оқушылар «Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогы, «Жібек Жолы» би үйірмесінің жетекшісі Жазира Омиралиева өз үйірмесінің 5-6 жасар балғын бишілері «Фруктовый коктейль» биін билеп Бас жүлдеге ие болды.
7-8 жасар топ бишілері «Көктем самалы» биімен Бас жүлде алса, 10-12 жасар бишілері «Өрнек» биімен Бас жүлдеге ие болды. Жалпы хореография жанры бойынша «Жібек жолы» бишілері Супер Бас жүлдегер атанып ақшалай сертификаттарды жеңіп алды.

Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
журналист.

МЕРКІ — АСТАНА — МЕРКІ

Leave A Reply

Your email address will not be published.