Ещё один сайт на WordPress

РЕСПУБЛИКАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ОРАЛДЫ

0

 

           

Заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру және мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру мақсатында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен жуырда «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» және «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық конкурстар өткен болатын.

Аталған іс-шарада облыстық кезеңнің жеңімпазы Тараз қаласы №39 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері Дариға Рамазанова «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» номинациясы бойынша үздік атанып, І орын иемденсе, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» номинациясы бойынша Меркі ауданы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Балнұр Ақбасова ІІІ орын иегері атанды.
Ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!

Гульмира Сейтбекова,
облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.