БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БЕРІК БАЙЛАНЫС
Жуырда Жамбыл облысынан арнайы делегация Түркияға жұмысы сапарымен барып, Ядролық энергия кәсіптік және техникалық Анадолу лицейінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында жамбылдық мамандар оқу орнының материалдық-техникалық базасы, оқу бағдарламалары және зертханалық құрал-жабдықтарын көріп ғана қоймай, екі елдің мамандары ядролық энергетика саласында кадр даярлау мәселелерін талқылады. Осы арқылы болашақтағы әріптестікті нығайту бағыттары айқындалды.
Бұған қоса сапар аясында облыстағы №8 Мойынқұм және №10 Шу колледждері Түркияның Мерсин қаласындағы Ядролық энергия кәсіптік және техникалық Анадолу лицейімен меморандум жасалды. Бұл келісім – Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және технологиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Аталған оқу орны АЭС-тің бірінші кезеңіне, яғни құрылыс жұмыстарына қажетті мамандарды даярлауға мамандандырылған. Қазақстан үшін ядролық энергетика саласын дамыту – стратегиялық басымдыққа ие. Себебі бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңартылатын және тұрақты энергия көздерін дамытуға мүмкіндік береді.
Меморандум аясында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылады, екі жақты білім беру бағдарламалары жасалады және өңіріміздегі мамандардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік беріледі. Түркияның тәжірибесімен танысу арқылы жамбылдық студенттер мен мамандар жаңа білім мен дағдыларды меңгереді. Ядролық энергетика – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Оқу бағдарламалары қауіпсіздік талаптарын ескере отырып құрылатын болады.