Ещё один сайт на WordPress

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

0

СУЛТАНКУЛОВА Сандуғаш Сайлауовна,
№94 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
Алматы қаласы.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі — қазақстандық патри отизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып та былады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Патриотизм – қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және топтық санат қоғам да­муымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады.

Патриоттық сезім адамдардың, халықтардың өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының әсерімен пайда болады. Бұл жағдайлардың патриотизм мазмұнының өзгеруіне алып келеді.

Патриотизм – әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп тендіретін термоядролық, экологиялык және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мем лекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.

Халық даналығында: «Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», — деген жақсы сөз бар. Мектеп жасы на дейінгі балаларды патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі – тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу- тәрбие ісінің өзегі. Ендеше, егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, ұстаздың мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасат­ты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды, өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді, мәдени мұраларды наси хаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адам­ды қалыптастыру оның туған кезінен ба сталуы керек. Сондықтан баланың бойына жа стай­ынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілікқұнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлар мен түйінделеді:

-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу.

-өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.

-табиғатқа қамқорлықпен қарау.

— еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.

-қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.

-мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

Патриоттық сезім, адамгершілік – жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп -, бекер айтпаған. Біздің балабақшамызда бала ларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін, ана тілін сүйетін қадірлейтін, үлкенге құрмет, кішіге ізет, көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, отырады.

Патриот ұрпақ – ол ұлттық тұлға. Заман та­лабына сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Осы арайда Отандық жаңа инновациялық технологиялар «Электронды киіз үй», «Бал-бала», «Даналық әліппесі» т.б. алатын орны ерекше Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен- ақ бесік жырынан бастап, өлең-жырларымен, әңгіме, ертегілермен т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Бала жан дүниесі сезімге бай, әсерленгіш келеді. Психологтардың пікірінше, тұлға болып толық қалыптасып жетілуі салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның қоғамдық мәнін сипат тайтын қасиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне бастайды. Міне, сондықтан да бала пси­хологи ясында жақсы көру, сезіну, жақсылыққа ұмтылу сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді өз орнымен, жүйелі түрде жүргізе алуымыз ке­рек. Сондай ақ отандық мультипликациялық қойылымдар бала деңгейінде ұлттық нақышқа, ұлттық рух та жасалып, балабақшадағы шағын кинозалда көрсетілуі бала дамуы үшін ора­сан зор пайдалы. Мектепке дейін ұйымдарда балалардың ойын еркін жеткізуіне, рухани патриоттық тұрғыда білім алуына, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

Бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие бе руде ұлттық ойынның да мәні зор. Қазақ халқы ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлықтарының қалыптасуының құралы деп те ерекше бағалаған. «Арқан тарту», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу» сияқы ойындарды қолданған және бұл ойындар арқылы балалардың икемділігі, тапқырлығы, батырлығы артып, париотық сезімі оянады. Париоттық тақырыпта түрлі дидактикалық ойын дар: «Киіз үйді құрастыр», «Кім қайда болды?», «Жалауға кім бірінші жетеді?», «Бір шаңырақ астында» т.б. ойындар­ды қолдануға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.