Ещё один сайт на WordPress

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКО — ФЕСТИВАЛЬ

0

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық экологиялық бастаманы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласында Мемлекет Басшысының қатысуымен қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологияларды енгізу, тұрақты даму және экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты көрме тақырыптарының кең ауқымын қамтитын «Таза Қазақстан» атты Эко-фестивалін ұйымдастырып өткізді.
Аталған іс-шараға «Green School» жобасы Жамбыл облысы, Төле би атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Оразалы Нұргүл, жоба жетекшісі Джангарашева Ардақ Толепбаевна қатысып, Мемлекет Басшысының арнайы бағалы сыйлығымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
PS. Іс-шараға қатысқан жеңімпаз оқушымен толық сұхбатты ғылыми-танымдық «Жас дарын» журналының келесі санынан оқи аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.