Ещё один сайт на WordPress

ЖАРҚЫРА, САМҒА, ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ!

0

Жуырда Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өңірдегі барлық дарынды, талантты оқушылардың жетістіктерін паш етуге арналған салтанатты «ЖАРҚЫРА,САМҒА, ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ!» атты форум өтті. Шараға білім бәйгелерінде топ жарып, жүлдегер атанған кіл үздіктер қатысты.

Жиын барысында «Ел үміті» жобасына қатысып, «Елбасы медалін» иеленген оқушыларды аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев, пәндік олимпиада жеңімпаздарын аудандық білім бөлімінің басшысы Әйгерім Алтынбаева, зерттеуші жас ғалымдарды аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Мадина Асанжанова, жас ақындарды ауданның Құрметті азаматы, ақын Шырын Мамасерікова құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Сондай-ақ бағалы сыйлықтармен спортшылар мен өнертапқыштар да марапатталды.

Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
аудандық Оқушылар «Үміт» сарайының
қосымша білім беру педагогы.
МЕРКІ ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.