Білім шырағы
Жамбыл облыстық педагогикалық-ақпараттық «Білім шырағы» газетінің іргесі облыстық білім басқармасының жанынан 1997 жылы «Халық тәлімі» атауымен қаланған болатын. Идея авторы — сол кездегі білім беру департаментінің басшысы Мамашев Әбдірахман Садықұлы.
2007 жылы «Білім шуағы» атауымен қайта өзгертіліп, басқарма жанындағы облыстық педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институтының құрылтайшылығымен жарық көрді. 2015 жылдан бастап Үкімет тарапынан өткізілген жекешелендірудің бірінші легіне түсіп, «Білім шырағы» атауымен жарыққа шығып келеді.
Қазақ және орыс тілдерінде айына екі мәрте жарық көреді.
Директор-Бас редакторы: Райхан Ілиясқызы Бостанова.
Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сарабдал саясатын қолдау, ұстаз мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтардың сақталуына, қоғамда ұлттық тәрбиенің қанат жаюына ықпал етіп, оқырмандар санасына ізгілік нәрін себу, білім саласындағы проблемалардың шешілуіне дәнекер болып, педагогтердің шығармашылықпен айналысып, үздік тәжірибесін таратуына қолдау көрсету, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, шешімін табуына атсалысу.
«Білім шырағы» газеті редакциясынан педагогтердің тәжірибесін насихаттайтын «Озық сабақ» журналы және студенттер мен мектеп оқушыларына арналған «Жас дарын» журналы жарық көріп келеді. Мақсаты: дарынды жастарға қолдау көрсету, ой-танымын дамытуға ықпал ету, балаларды қоғамға белсендіру.
Адрес РК, Тараз. Тараз қаласы, Сүйлейменов көшесі-17
Телефон: 8 (7262) 45-86-37;
Ұт: 8702 675 62 48
8771 234 66 08
Е-mail b.sh_red@mail.ru