Ещё один сайт на WordPress

ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

0

 

5 қазан – Мұғалімдер күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, сондай-ақ құқық қорғау органданың және басқармалардың басшылары, ардагер ұстаздар, білім саласының өкілдері мен ата-аналар қауымы қатысты.

Мерекелік шара барысында ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы ерекше атап өтіліп, білім саласының үздіктеріне шынайы алғыс білдірілді. Сонымен қатар білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін бірқатар педагог түрлі марапаттарға ие болды.
Атап айтсақ, «Жамбыл облысы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Меркі комитеті филиалының төрағасы Мадина Асанжанова «Құрмет» орденімен, сала ардагерлері Гүлжамал Әлімбекова, Бақыт Райымбекова, Геннадий Солодовников «Еңбек ардагері» медалімен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Дастанова, Талас ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Лаура Рысқұлбекова және Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Жұлдыз Лесбекова «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ Тараз қаласы, Ә.Әйтиев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақжарқын Бекболатова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының оқытушысы Парида Қарқабаева, Тараз қаласы, №24 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарипа Желдібаева, Талас ауданы №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Людмила Поважная, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанна Телеуова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», сала ардагерлері Зинеп Абуова, Роза Смайлова, Гүлнара Қайназарова, Тараз қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытжан Әлімжанова, Талас ауданы, Ақкөл орта мектебінің директоры Айман Тілеукеева, Шу ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Лариса Василевская, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гүлжан Оразбаева, Гоголь атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абай Қасымов, Талас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлнар Аязбаева, Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе орта мектебінің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Виль Баязитов және Қордай ауданы, Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Светлана Сорокина «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін иеленді.
Сонымен қатар Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Абдуалиева, Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арзан Көпбаева, Мойынқұм ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Эльмира Медетбаева, Жуалы ауданы М.Әуезов атындағы №12 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Темірхан Мырзахметов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері Алтын Сенбай, Жамбыл ауданы, Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытжан Сүлейманов, Сарысу ауданы Ы.Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебінің қосымша білім беру педагогы Жеңіскүл Өмірбаева, Шу ауданы Төле би атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мөлдір Шнарбекова Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен, ал Тараз қаласы, №28 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жазира Абдраймова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің математика пәнінің оқытушысы Жақсылық Аманов, Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының орынбасары Жамбыл Асанов, Тараз сервис және технология колледжінің өндірістік оқыту шебері Гүлжан Игілікова, Жуалы ауданы, А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оксана Кононенко, Қордай ауданы №7 Бетқайнар колледжінің арнайы пәнінің оқытушысы Әлібек Мұстафин және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс шараларды өткізетін облыстық орталығының қосымша білім беру педагогы Айдос Ходжанова облыс әкімінің Алғыс хатына қол жеткізді.
Бұдан бөлек, білім саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиесінде озық үлгі көрсеткен 13 ұстазға арнайы номинациялар қаржылай сыйақылар берілді. Нақтырақ тоқталсақ, білім саласының ардагерлері Сұлушаш Құрманбекова мен Дәмеш Үскімбаева «Мамандыққа адалдық», Шу ауданы М.Мәметова атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бағдат Дүйсембиева,
Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің мұғалімі Ахай Пармешов «Бір мекемеге арналған ғұмыр», Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Маржан Рахымбаева, Тараз қаласы, №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының әдіскері Жанна Тымбаева, №9 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Жадыра Шүкірбаева «Үлкен жүрек», Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығы директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім беру педагогы Айгүл Айдар, Байзақ ауданы, Көркем сурет балалар мектебінің қосымша білім беру педагогы Құмар Бердалы, Меркі ауданы, №4 «Үміт» оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Бекзат Төлендиева, Сарысу ауданы, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы Гүлдана Абдраймова «Таланттар сәулесін жаққандар», Тараз қаласы, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Әсел Арғымбекова «Ерен еңбек иесі» және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі Әлия Әлімбекова «Үздік әдіскер» номинацияларына лайық деп танылды.
Іс-шара соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.

«БШ» – ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.