ОЙЫН — ТІЛДІК ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
Балалардың ерте жасындағы тілдік дамуы – өмірлік маңызды үдеріс. Бұл кезеңде балалар қоршаған ортаны белсенді зерттеп, жаңа дағдыларды меңгереді. Тілдік даму барысында бала логикалық ойлау, есте сақтау және зейін сияқты қабілеттерін жетілдіреді. Осы қабілеттерді дамытуда ойын үлкен рөл атқарады. Ойын балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Ерте балалық шақ – бұл дағдылардың қарқынды түрде дамитын кезеңі.
Ерте жастағы балалар қарым қатынастық дамуды ойын арқылы белсенді меңгереді. Балалар заттарды ұстау, түстерді ажырату, дыбыстарды тыңдау арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді.
Ойын және зерттеушілік инстинкт
Балалардың танымдық дамуы көбінесе олардың табиғи зерттеушілік инстинктіне әлемді түсіну үшін әрдайым сұрақ қойып, тәжірибе жасап, ойын арқылы жаңа нәрселерді зерттейді. Бұл инстинкт олардың қызығушылығын оятып, зейін мен есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ойын барысында балалар өздігінен шешім қабылдап, танымдық процестерін жетілдіре алады. Сондықтан ойындар балалардың табиғи инстинкттерін қолдау үшін маңызды құрал болып табылады.
Ойынның рөлі
Ойын – танымдық қабілеттерді дамытудың табиғи жолы. Бұл әдіс балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, олардың қызығушылықтарын оятады.
Құрылымдық ойындар: Құрастыру ойындары (лего, пазлдар) балалардың кеңістіктік түсініктерін, логикасын және ойлау қабілеттерін дамытады.
Рөлдік ойындар:
Рөлдік ойындар балаларға белгілі бір рөлдерді ойнап, шынайы өмірдегі жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Дәрігер мен пациент» ойыны арқылы балалар қарым- қатынас жасау, қамқорлық көрсету дағдыларын дамытады. Бұл ойындар арқылы балалар әлеуметтік рөлдерді түсініп, өз мінез-құлқын бейімдеуді үйренеді.
Қозғалыс ойындары:
Қозғалыс ойындары балалардың физикалық белсенділігін ғана емес, сонымен қатар зейін, координация және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіреді. Мысалы, доппен ойнау немесе «Жасырынбақ» сияқты ойындар баланың назар аудару және тапсырмаларды орындау қабілетін жақсартады.
Шығармашылық ойындар:
Балаларға сурет салу, құрастыру, немесе ермексаздан пішіндер жасау сияқты шығармашылық тапсырмалар беру олардың қиялын дамытады. Шығармашылық ойындар арқылы балалар өз идеяларын жүзеге асыруға және жаңа нәрселерді ойлап табуға үйренеді.
Педагогикалық тәсілдер
Ойын арқылы оқыту әдістерін қолдану кезінде педагогтар мен ата-аналар келесі қағидаттарды ескергені жөн:
Баланың қызығушылығын ынталандыру: Әр бала ерекше, сондықтан олардың қызығушылықтары да әртүрлі. Баланың көңілінен шығатын ойындарды таңдап, оны ойын арқылы білім алуға ынталандыру маңызды.
Оқу мен ойынды үйлестіру: Ойын арқылы білім беру әдістерін сабақ жоспарына енгізу қажет. Мысалы, математика сабағында санамақтар арқылы есеп шығаруды үйрету.
Кері байланыс беру: Ойын барысында бала дұрыс шешім қабылдағанда мадақтау арқылы оның өз-өзіне деген сенімділігін арттыру қажет.
Танымдық ойындардың түрлері
Ақпараттық ойындар: Жұмбақтар мен викториналар балалардың жалпы эрудициясын арттырады.
Құрылымдық ойындар: Логикалық ойлауды дамытатын пазлдар немесе құрылыс конструкторлары.
Интерактивті ойындар: Компьютерлік және мобильді ойындар да белгілі бір деңгейде балалардың танымдық қабілеттерін арттырады, бірақ оларды шектен тыс қолдануға болмайды.
Қорытынды
Ойын – балалардың тілдік дағдыларын дамытудағы ең маңызды құрал. Ол баланың зейінін, есте сақтауын және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан ата-аналар мен педагогтар ойынның дамытушылық мүмкіндіктерін толық пайдалануы керек. Тілдік ойындарды дұрыс таңдап, оларды жүйелі түрде қолдану арқылы балаларды мектепке және өмірге жақсы дайындауға болады.
СУЛТАНАЕВА Лаура Шариевна,
Әл-Фараби атындағы №31 ЖББ орта мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі.
Талғар ауданы,
Алматы облысы.