Ещё один сайт на WordPress

ТЫНЫМСЫЗ ІЗДЕНІСПЕН КЕЛГЕН ЖЕҢІС

0

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық
пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Іс-шараға 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері шақырылды. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.
Президент жастарды, ең алдымен, білім әлеміндегі жеңістерімен құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді. Олардың халықаралық беделді білім сайыстарында топ жарып, Қазақстанның атын әлемге паш етуін зор жетістік ретінде бағалады.
– Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу, әлемдік жарыста жеңіске жету оңай емес. Білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында осындай биікке шығып жатсыздар. Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді, — деген Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.
Расында, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жан-жақты қолдаудың арқасында түрлі білім бәйгелерінде жарқын жетістіктерге қол жеткізіп жүрген озат өрендердің қатары артып келеді. Мұндай дарынды шәкірттер облысымызда да баршылық. Айталық, дарынды оқушыларымыз өткен оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 464 медальді иеленді. Оның ішінде 77 медальге халықаралық дәрежедегі білім бәйгелерінде қол жеткізген. Сонымен қатар облысымыздың өрендері республикалық олимпиада қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын иеленсе, республикалық ғылыми жобалар жарысында 16-шы жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын қорғады. Бұған қоса Қазақстан оқушыларының жазғы гимназиадасында 52 спорт түрінен Жамбыл облысы жалпы командалық есепте
І орынды еншіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.