ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!
Таяуда Ақтөбе қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Аталмыш байқауға жамбылдық жеткіншектер де қатысып, олжалы оралды.
Атап айтсақ, Талас ауданы, Барбол Тоқтықожа атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Нұрсая Ахан топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің оқушысы Айзере Кеңес, 125 ҰБТ мектебінен Игісін Нұртай, Жаннұр Шалабай, Төле би атындағы №8 гимназиядан Еркежан Елеусін, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиядан Аяжан Марат, Бақдаулет Аманбай, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиядан Ақназар Телбай, Т.Рысқұлов ауданы, Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектептен қатысқан Шапағат Әсілбек күміспен күптелсе, «Дарын» лицей-интернатынан Дінмұхаммет Иманалыұлы, Әбдірахым Өскен, Адель Жұмабек, Мөлдір Илимбекова, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясынан Нұрмұхаммед Берлік, Алина Русланқызы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиядан Нұрсұлтан Жаңабек, Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептен Толғанай Құдайберген, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиядан Ерасыл Кадримбет, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясынан Мадина Хаймулдина және дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейден Танрберді Нұрдәулет, Заңғар Сайлау қола жүлдені қанағат тұтты.
Бұған қоса Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясынан Аружан Серікқызы арнайы Грамотамен марапатталса, Дінмұхаммет Иманалыұлы, Нұрмұхаммед Берлік, Айзере Кеңес пен Шапағат Әсілбек Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім беру грантын жеңіп алды.