Ещё один сайт на WordPress

ҚАЗАҚСТАН – ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ

0

САРБАСОВА Камшат Куанышевна,
“Қарлығаш” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
Т. Рысқұлов ауданы.

25 Қазан Республика күні

1.Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге баулу.
  2. Балаларды достыққа, адамгершілікке,саналыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар!Бүгін біз үлкен мереке, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жиналып отырмыз.Бұл күні біздің еліміз үлкен қуанышқа бөленеді.Біздің туған жеріміз-Қазақстанды, оның бай мәдениеті мен дәстүрін бірге атап өтеміз.

Олай болса балалар! «Қазақстан-туған елім,ұлы өлкем» атты ашық оқу іс әрекетімізді бастаймыз.

ҚР. Гимні орындалады.

Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.

Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?

-Мен

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен

-Жарық сәулені сүйктін кім?

-Мен

-Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

-Досын сүйетін кім?

-Мен

-Болашағы елімнің кім?

-Мен

Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді.

Саяхатшы: — Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?! Жүргізуші: — Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз — ау деймін. Саяхатшы: — Мен ел аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім. Жүргізуші: — Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мекреке күніне арналған ертеңгілік өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.

Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Мен сендерге бірнеше тапсырмаларымды ала келдім. Орындап бересіңдерме?

Балалар: Ия

Саяхатшы: Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика? Балалар: — Қазақстан Республикасы. Саяхатшы: — Президенттерің кім? Балалар: — Қасым-Жомарт Тоқаев. Саяхатшы: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: — Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,

Мағыналы ән ұранымыз бар,

Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.

Саяхатшы: — Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл — қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер? Тәрбиеші: -Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдиді.

Республикам бақытым
Елге сенім беретін
Құтты болсын мереке
Әр жыл сайын келетін
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Отаным менің — Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.
Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан,
Салт — дәстүрін сақтаған.
Әрбір қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Кен байтақ жерге қазағым,
Егін егіп, мал жайған.

Тәрбиеші: Балалар енді саяхатшы апайымыздың тапсырмаларын орындап берейік.

1 Тапсырма: Күнді құрастыру

2 Тапсырма: Көлеңкесін табу

3 Тапсырма: Тудың бейнесін мүсіндеп толықтыру12

Балалар тапсырмаларды орындайды

Саяхатшы: — Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттер ер жүректі батыр болсын, қыздар көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!

Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға, сау болыңыз!

(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Тәрбиеші:- Балалар оқу іс әрекетімізді әрі қарай жалғастырайық.

Тәрбиеші: — Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не? Балалар: — Отан дегеніміз біздің әке — шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып — өскен жеріміз.

Отан – сенің ата — анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан — өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Отан – атам, Отан — әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.

Тәрбиеші: — Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен. Біз де осы ата — апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың. — Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
Отансыздың оты жанбайды.
Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.
Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі оқу іс- қызметіне өте жақсы қатыстыңдар

Тәрбиеші:- Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Бүгінгі оқу іс-қызметімізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын — дейміз! Сау болыңыздар!!!!

Leave A Reply

Your email address will not be published.