Ещё один сайт на WordPress

ОЗЫҚ ПЕДАГОГТЕР – ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА

0

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов облыстық «Үздік педагог – 2024» байқауының жеңімпаздарымен кездесіп, бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Әуелі Рауан Нұрғалиұлы мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіндегі айрықша рөлін және олардың еңбегі мен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.
– Мемлекет білім беру саласын дамыту мен педагогтеріміздің еңбегін лайықты бағалауға аса мән береді. Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, сондықтан біз білім мен тәрбие беру арқылы ұрпақтардың қалыптасуына жанашырлық танытқан ұстаздарға қай уақытта да жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Біздің ортақ міндетіміз – сапалы білім мен тәрбие беру, өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгілерді қалыптастыру, білім мен мүмкіндіктер беретін қоғам құру. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», — деген басқарма басшысы соңғы жылдарда білім беру саласында орын алған оң өзгерістерге де тоқталды. Педагогтер де өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, кәсіби өсуге, оқыту әдістерін жетілдіруге қатыс-
ты өз ойларымен бөлісті.

«БШ» – ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.