Ещё один сайт на WordPress

ҰСТАЗЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ҰЛЫҚ

0

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Мұғалімдер күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, басқарма басшысы Рауан Садырқұлов, мектеп директорлары, ұлағатты ұстаздар мен сала ардагерлері қатысты.

Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды.
Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыс педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Ұстаз – қашанда ұлылықтың символы, бала жанының бағбаны. Даңқты қолбасшы, жерлесіміз Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет» деген екен. Бұл – Сіздердің ерен еңбектеріңізге берілген әділ баға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұстаз – ұлттың зияткерлік қуаты» деген бір ауыз сөзі де ұстаздар қауымының абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктетіп тұр.
Тәуелсіздік таңы атқан сәттен бастап еліміз білім саласын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде еңселі оқу ордалары бой көтеріп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында да атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жетерлік, — деген аймақ басшысы білім беру жүйесін дамытудағы, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін бірқатар мұғалімге арнайы марапаттарды табыстады.
Атап айтсақ, сала ардагерлері Күлсара Даузова, Светлана Құрманбекова, Дүйсенгүл Сапарова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Жанат Әлімбаева, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назым Ералиева, Талас ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Лаззат Естебекова, Тараз қаласы, №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернатының сурдопедагогы Наталья Каранда, Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Алтынкүл Қалдарова, Тараз қаласы, №40 гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Татьяна Любименко, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Мырзабекова, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Раптаева, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шахаризада Шүленова, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Дүрия Сыдықова, Мойынқұм ауданы, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Роза Хасенова «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленді. Сондай-ақ, Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Алия Шүленбаева мен Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Мейрамкүл Орынбаевалардың оқу-ағарту ісіндегі ерен еңбегі үшін «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен айшықталды. Сонымен қатар сала ардагері Бақыткүл Жұмабаева, Тараз қаласы, №8 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жәмила Ақылжанова, Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Сая Ибраимова, Байзақ ауданы, Абай атындағы орта мектебінің директоры Жанатбек Тұрғымбаев «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне, ал Талас ауданы, Балалар өнер мектебінің Ақкөл бөлімшесінің өнер тарихы пәнінің мұғалімі Нұрлан Ақбердиев, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры Берік Сыдық, Жуалы ауданы, Д.Қонаев атындағы №19 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Жамалбекова, Тараз қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтоты Жұрғараева, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Қырғабакова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті Зағира Қашқынбаева облыс әкімінің Құрмет Грамотасына, Тараз қаласы, «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының директоры Салтанат Құрманова облыс әкімінің Алғыс хатына лайық деп танылды.
Бұған қоса білім саласының ардагері Бәтес Егембердиева «Мамандыққа адалдық», Жуалы ауданындағы А.Гайдар атындағы №13 орта мектебінде 42 жыл еңбек еткен Виктор Ефремов, Қордай ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте 40 жыл жұмыс істеген Рахила Тайбекова және 40 жыл ғұмырын Меркідегі И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясына арнаған Жексенкүл Жырынбаева «Бір мекемеге арналған ғұмыр», Байзақ ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Мұқан Сейітбаев «Білім майданының көрінбейтін жауынгері» номинацияларын еншілеп, 100 мың теңгелік қаржылай сыйақыға қол жеткізді. Бұдан бөлек, Тараз қаласы, №3 бөбекжай-бақшасының әдіскері Салтанат Балғабаева, Сарысу ауданы, «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының әдіскері Бақыт Айтбаева «Үлкен жүрек», Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Маңдайлы Базарбаева, Меркі ауданы, «Үміт» оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Ирада Мамедова «Таланттар сәулесін жаққандар», Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі Альмира Медеева, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Сандуғаш Қалданова «Ерен еңбек иесі», Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі Ғазиза Омарбекова мен Шу аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Сержанкүл Аметқызы «Үздік әдіскер» номинацияларын және 150 мың теңгелік қаржылай сыйақыны еншіледі.
Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен белгілі спорт шебері, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің видеоқұттықтауы көпшілік назарына ұсынылды.
Шара соңы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және өнерлі ұстаздар мен оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Қ.Шахабай,
журналист.

Leave A Reply

Your email address will not be published.