Ещё один сайт на WordPress

ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЕН ҒҰМЫРЛЫ

0

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан қалған осы бір қанатты сөз әлі күнге өз өзектілігін жойған емес. Керісінше, заман жаңғырған сайын басылымдарға деген қоғамның талабы мен сұранысы артып келеді.

Жамбыл облыстық педагогикалық-ақпараттық «Білім шырағы» газеті ширек ғасырдан астам уақыттан бері оқырманның сұранысын қанағаттандырып, сенім үдесінен шығуға барынша күш салуда. Білім саласындағы маңызды ақпараттар мен өзекті мәселелерді педагогтер қауымына жеткізіп жүрген біздің басылымға ұстаздар тарапынан да қызығушылық сәт сайын жоғарылауда. Бұл әлбетте бізді қуантады.
Соның жарқын дәлелі – Т.Рысқұлов ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімдері 2023 жылға түгел 100 пайыз жазылып, лазерлік қағаз басып шығаратын құрылғыға ие болды. Біз үшін әрбір оқырманның ой-пікірі маңызды.
Құрметті педагогтер! Сіздерді талай жылдан бері ұстаздардың жан серігіне айналған облыстық «Білім шырағы» газетіне жазылуға шақырамыз. Жазылым сізден, тың идеялар мен өзекті мақалалар бізден! «Білім шырағымен» бірге болыңыз, ойлы оқырман!
Редакция ұжымы.

• Суретте: Баспаның редакторы Райхан Илиясқызы ынталандыру сыйлығын мектеп кітапханашысы Гүлбайра Танысхожаеваға табыстауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.