Ещё один сайт на WordPress

ТОПТЫҚ, ЖҰПТЫҚ, ЖЕКЕ ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биби СКАКОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы.

Мен өз тәжірибемде топтық, жұптық, жеке жұмысты қолданып келемін. Топпен жұмыстың ерекшелігі: оқушылар түгел белсенділікпен қатысады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, тілдік дағдылары және сөйлеу мәдениеті артады, ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Топқа түрлі тәсілдермен бөлуге болады: суреттер арқылы, тақырыпқа байланысты, түстер және пазлдар, сандар арқылы. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталады, жұптық, жеке, топтық жұмыстар жүргізіледі. Топтар әр тапсырма соңында бағалау жүргізеді. Сабақ соңында кері байланысқа түсе отырып, сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни кері байланыс келесі сабақта өткен сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Топтық жұмыс тәсілін мен өз сабақтарымда пайдалана отырып, тиімділігіне көз жеткіздім.
Жаңа әдістер арқылы сыныптағы оқушылар бір-бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікір айтып, сабақты қортындылай алады.
Пәнді оқыту негізінен жаңа тақырыпты меңгеру, сондықтан топтық жұмыста (жаңа тақырыпты меңгерту) мәтінмен танысуда «Джигсо», «Бірге талқылаймыз», «Бірге әңгімелейміз», «Аялдама», «Галереяға саяхат», «Айналмалы бекеттер», «Бірге ойлаймыз», «Әңгімелесетін әріптестер», «Көршіңмен талқыла», «Көршіңмен әңгімелеп бер», «Көршіңізге айтыңыз», «Өкіл» әдістері, диалогтық оқыту әдістері білім алушылардың өз пікірін еркін айтуына және сыни ойлауына мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің сабаққа жоспар құру кезінде шығармашылығы мен ізденісі көп талап етіледі. Осындай шығармашылық пен ізденістің нәтижесінде оқушыға сапалы әрі табысты оқуына жол ашу. Сондықтан біз сабақта жұптық жұмыстарды көбірек қолданамыз. Бұл жаңа тақырыптың мәнін ашуға, өзіндік пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Жұптық жұмыс өз ойын сенімсіз, баяу әрекет ететін балалар үшін тиімді. Өйткені жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетінін, қандай ой қосатынына біршама көмегі тиеді. Жұпқа беретін жұмыстарды бір сарынды емес баланың қызығушылығын туғызатындай етіп ресурстарды алдын ала дайындауымыз керек. Жұппен жасалатын жұмыстың шартымен немесе ережесімен мұқият таныстырылған жұмыс өз нәтижесін беретіне де көз жеткіздім. Жұптағы әр бала өзінің берген тапсырмасын мұқият бақылап, жұбының жауабын шыдамдылықпен күте білуге, төзімділікке бағытталатынын тағы да байқадым. Жұптық жұмыс білім алушының өз бетімен ізденуге талпынады. Төмен деңгейдегі білім алушының қасына жоғары деңгейдегі білім алушыны жұппен отырғыза отырып, тапсырма берсек, сонда төмен деңгейдегі білім алушының мотивациясы артады және сабаққа деген қызығушылығы жоғарылайды.
Жұптық жұмыс кезінде мынандай белсенді әдістерді қолдануға болады. «Ойлан. Жұптас.Бөліс», «Ойлан. Жұптас. Пікірлес», «Ойлан.Бірік. Бөліс», «Үш қадамдық сұхбат», «АВС», «Венн диаграммасы» т.б. сияқты белсенді,тиімді әдістерді қолдануға болады.
Жеке жұмыс білім алушы өз бетінше және мұғалімнің көмегімен және бақылауымен орындайды. Өз пікірін еркін айтып, дәлелдей алуға, ізденушілік қабілеті ұшталады. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, тапсырманы өз бетінше орындай алады. Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады. Мысалы жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, эксперимент жүргізу, жоба жұмысын жазу т.б. сияқты. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады. Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек деген.
Жұптық жұмыс кезінде мынандай белсенді әдістерді қолдануға болады. «PETT формуласы» – өзгерістер мен сабақтастықты талдау үшін, ТӨДК – әдісі, «DEAL»,«Кластерлер», «Тірек сызба», «Топтастыру», «ПОПС формуласы», «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» және тағы басқа әдістер.
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.