ЖАЛЫНДЫ ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖИЫНЫ
Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум басталды.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов ізгі лебізін жолдап, жас ұстаздарға табыс тіледі.
Бұдан кейін А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрдың әртісі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков, армрестлингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 дүркін әлем чемпионы Сандуғаш Сейдіш қатысушылармен пікір алмасып, жетістікке жету жолдарына кеңінен тоқталды.
Форум одан әрі шеберлік сыныптарына және тақырыптық алаңдарға жалғасады.