Ещё один сайт на WordPress

ОБЛЫСЫМЫЗ ҮШІН ЖЕМІСТІ АЯҚТАЛҒАН ЖИЫН

0

Астана қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі және ІІ халықаралық педагогикалық шеберлік фестиваліне облысымыздан 26 делегат қатысты.

Жалпы съезде 700-ге жуық педагогтер бас қосты. 4-7 қазан аралығында өткен съездің алғашқы күнінде ТМД-ға мүше елдер өкілдері білім беру саласындағы сапаны жақсарту, кадрлар даярлау, аттестация жүйелері, IT-жобалар, төсбелгі сынды мәселелерді талқыласа, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен аталған съездің пленарлық отырысында бас қосты.
Съезд барысында ТМД елдерінің үздік педагогтерінің шеберлік сабақтары өткізіліп, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, ондағы білім саласының даму болашағын, қандай өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп жатқанын талқылап, қарар қабылданды. Жиында Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері, профессорлар өз ойларын ортаға салды.
Делегаттар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен ұйымдастырылған съезде мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесін тамашалады. Съезд барысында 42 жыл ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстазы Меркі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Сапаркүл БОПИЕВА «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

«БШ» – ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.