Ещё один сайт на WordPress

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

0

200 жылдан астам тарихы бар кәсіподақ ұйымы қашанда еңбекшілердің құқығын қорғап, мүддесін жақтаудан бір сәтке де тынған емес. Сондықтан да бүгінде аталған ұйымға деген көзқарас өзгеріп, сенім күшейіп келеді. Бұл өз кезегінде ұйымға да зор жауапкершілік жүктеуде. Бүгінде құрамындағы 800 бастауыш ұйымға біріккен 67 000 астам мүшесі бар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы осы сенімнің үдесінен шығып, ұстаздардың беделін көтеруге барын салуда.

Жуырда ұстаздар және кәсіподақтар күніне орай аталған ұйым мүшелері «Әлеуметтік әріптестік – әділетті еңбек қоғамын қалыптастыру кепілі» облыстық форумда бас қосты. Облыстық білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылып, еңбек адамының әлеуметтік ахуалы мен кәсіби құқықтарын қорғау, ұстаз еңбегін ұлықтау мен мәртебесін асқақтату, әлеуметтік әріптестікті нығайтуды мақсат еткен шараға білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері, сала ардагерлері мен ұйым белсенділері қатысты.
Салтанатты жиында алғашқы болып кәсіподақ саласының ардагері Гүлсін Орынбаева сөз сөйлеп, Тараз сервис және технология колледжінің директоры Бекбол Маймышев пен аталған колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мая Мустафинаға кәсіптік техникалық білім беру мекемелері арасында «Үздік әлеуметтік әріптес – 2022» номинациясын табыстады. Сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Абдрайымов кәсіби бірлік пен ынтымақтастық қағидасын қалыптастырғаны үшін Байзақ ауданындағы «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ақбөпе Нұрғалиева мен осы балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандаулет Айтуғановты мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «Үздік әлеуметтік әріптес – 2022» номинациясымен марапаттады. Келесі кезекте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сұлушаш Құрманбекова ізгі лебізін білдіріп, орта білім беру мекемелері мен ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік әріптес – 2022» номинациясын Тараз қаласындағы №22 орта мектептің директоры Шолпан Диханбаева мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шахизат Мейрбековаға табыс етті.
Бұдан кейін Жамбыл облысы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов Шу ауданы оқушылар сарайының директоры Нагима Райкулова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Жунусованы «Үздік әлеуметтік әріптес – 2022» номинациясымен, Тараз қаласындағы №5 балабақшаның әдіскері Жазира Есмұрзаеваны, №28 балабақшасының әдіскері Жанна Тымбаеваны, Байзақ ауданындағы «Астана» балабақшасының әдіскері Айгүл Садырованы Департамент басшысы Дамеш Ускумбаеваның Алғыс хатымен марапаттады.
Шара соңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева және салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков аудандық деңгейде «2022 жылдың Үздік әлеуметтік әріптесі» номинациясы бойынша Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева мен жергілікті кәсіподақ комитетінің төрайымы Мадина Асанжанованы марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Бұдан бөлек форум барысында ұстаздар мен кәсіподақ белсенділері ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталып, облыстың бірқатар белсенді педагогтары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, Жамбыл облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарына ие болды.

Ш.Жамбыл,
журналист.

Leave A Reply

Your email address will not be published.