Ещё один сайт на WordPress

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ – БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

0

Облыста биылғы жаңа оқу жылында 447 мектепке 237131 оқушы келген. Оның ішінде 22778 бала 1 сыныптың табалдырығын аттады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйек күні 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Олардың қатарында Тараз қаласындағы 600 орынды, Байзақ ауданы Сеңкібай ауылындағы 100 орынды, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы 300 орынды, Жуалы ауданы Диқан ауылындағы 180 орынды және Алатау ауылындағы 100 орынды, Қордай ауданы Арал ауылындағы 180 орынды оқу ордалары бар. Осылайша бүгінгі күні 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы, 4 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілген. Жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы толығымен аяқталып, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі деп күтілуде. Ал 6 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Сондай-ақ жыл басынан бері жалпы 1600 орынды құрайтын 12 балабақша пайдалануға берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.