Ещё один сайт на WordPress

ТАРАЗДЫҚ ИХСАН – ТІЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

0

Өткен жылдың қараша айында Ұлыбританияның «Brooke House College» бен «TeenEagle» қорының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «125 high school» оқушылары Алматы қаласында өткен ағылшын тіліндегі дебатқа қатысып, «Ең үздік команда» номинация-сына ие болған еді. Аталған дебатты ұйымдастырушылар Жамбылдық оқушылар-дың ағылшын тілін білу деңгейін ескере отырып, «World English Compeptition» олимпиадасына қатысуға ұсыныс жасаған. Осылайша олимпиаданың бірінші турынан жоғарғы балл жинаған облысымыздың 6 оқушысы үстіміздегі жылдың 1-8 тамыз аралығында Лондон қаласында өткен әлемдік жарыстың финалды турына шақырту алды.

«Knowledge Quiz», «Spelling Bee», «Writing Challenge», «Persuasive Speaking (Individual debate)» кезеңдері бойынша өткен білім бәйгесінің нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылардың ішінен жамбылдық өрендер үздік нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медалді жеңіп алды. Атап айтсақ, Ихсан Ілесов алтын, Бибарыс Куандық күміс медалді еншілесе, Айғаным Ерғали мен Алина Еламан қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ Сабина Баймахан және Амир Төрубай Құрмет медальдарымен марапатталды.
Бұлардың ішінде алтын медаль иегері Ихсан Ілесовтің шоқтығы биік. Ол 6-сыныпқа дейін Тараз қаласындағы қарапайым мектепте оқыған. КТЛ мен НЗМ емтихандарынан өте алмаған соң оны ата-анасы жекеменшік мектепке беруді ұйғарады. Бұл жерде баланың қабілетін ағылшын тілі пәні мұғалімі Мисс Мела байқап, ата-анасын Лондондағы Олимпиадаға жіберуге көндірген екен.
– «Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор. Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды», — дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова.
Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы тамыз айының басында басталып, 5 күнге созылған. Сайыс барысында қатысушылар диктант, эссе жазу және басқа да емлені тексеру тапсырмаларын орындаған. Осының бәрінен сүрінбей өткен жерлесіміз облыстың ғана емес еліміздің айбынын асырды.

Ш.Жамбыл,
журналист.

Leave A Reply

Your email address will not be published.