БАС ЖҮЛДЕ — ЖАМБЫЛДЫҚТАРДА!
Жуырда «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова ұйымдастырған «Домбыра Дастан» атты I республикалық домбырашы балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауының ақтық кезеңі өтті.
Ақтық сайыста 35 өнерпаз бақ сынады. Солардың қатарында өнер көрсеткен Жамбыл ауданындағы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің 3 оқушысы жүлделі орындарды еншіледі.
Атап айтсақ, 6-11 жас аралығында бас жүлдені Аяна Дәулетбай (суретте) (ұстазы С.Б.Косанова) еншілесе, 12-15 жас аралығында 1-орынға Бақдәулет Жанатбек (ұстазы Р.Ш.Қасымбекова) лайық деп танылды.
Өнерліге өріс кең деген осы, сірә!