Ещё один сайт на WordPress

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ ЖОЮ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

0

Сандуғаш Баубекова,
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі.

Еліміз егемендік алған соң сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күреске жол ашылып, бұл іс кең қарқын алды. Елбасының да, Мемлекет басшысының да Жолдауларынан бұл тыс қалған емес. Соның арқасында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың тамырына біршама балта шабылды.

Әлбетте бұл тек бізді ғана емес күллі әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Соның салдарынан әлеуметтік дамудың процесін тежеліп, қажетті рефомалар іске аспайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында барлық саладағы сыбайластықты жоюдың тетіктері қарастырылған. Бірақ баршамыз сыбайластықпен күресі тек мемлекеттің ғана міндеті емес, ортақ парызымыз екенін жете түсінгеніміз жөн. Ол үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтардың бостандығы мен кепілдігін қамтамасыз етіп және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік ұстанымын көтеру қажет. Сондай-ақ, әрбір азамат Ата заңымыздың баптарын сақтауға, өзгелердің де абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуі міндетті.
Бүгінде еліміз жаңа кезеңге қадам басып, дамудың даңғыл жолына түсті. Ойға алған жоспарларымыздың орындалуы үшін жемқорлық деген жегі құртты аяусыз жаншу қажет. Сонда ғана өркениеттің көшінен қалмаймыз. Мұны әлем елдері әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан барлығымыз «жемқорлық – індет, оны жою – міндет» екенін жете түсінсек ғана жетістікке қол жеткізе аламыз.

Меркі ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.