Ещё один сайт на WordPress

КОЛЛЕДЖДЕРДІ ТОПТАСТЫРҒАН АНТОЛОГИЯ ЖАРЫҚ КӨРДІ

0

Тәуелсіздік жылдары еліміздің кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше екпін түсіріліп, кең қолдау көрсетілуде. Колледждерден қанат қағып ұшқан талай маман иесі үлкен өмірге жолдама алып, еліміз бен облысымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етіп,  экономикамызға үлес қосуда. 80 жылдан астам тарихы бар кәсіптік білім беру жүйесінің өркендеуі жолында облыс колледждері аянып жатқан жоқ. Сондықтан да олардың тыныс-тіршілігін, ұстаздардың келбетін жұртшылық көріп, біліп, тануы тиіс.

Осы мақсатта колледждерді бір арнада тоғыстырған жинақты әзірлеу облыстық «Білім шырағы» газетінің бастамасымен қолға алынды. Жуырда аталған антология баспадан жарық көріп, оқырманға жол тартты.
«Білімнің жаққан шырағын» деп аталатын кітапта облыстағы кәсіптік білім беру ұйымдарының тарихы, материалдық-техникалық базасы, колледжде еңбек ететін ұлағатты ұстаздардың ғибратты ғұмырнамасы түгелдей көрініс тапқан.
Жинаққа облыстағы 44 колледж қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.