ҰСТАЗҒА ҚАЖЕТ БАСЫЛЫМ
Тарихты таразылайтын болсақ, небір құнды дүниелерді біз ақпарат айдынындағы басылымдардан табамыз. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің әр жылымен жүздескен сайын еліміздің өткен өмір жылдарынан шерткен сырға газет арқылы қанығамыз. Ел тынысы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағдарлап таныстырып отырған басылымдар өз алдына бір төбе. Педагог ретінде ұстаздардың асқақ мұратын арқалаған «Білім шырағы» газетінің ұстаздар үшін біздің Әулиеата өңірінде өзіндік орны бір төбе деп айтуға болады.
Білім саласындағы жыл сайын енгізіліп отыратын жаңалықтар, оқу үрдісіндегі жаңа технологиялар, педагогтардың мәртебесі мен мүдделерін қорғайтын, әріптестердің іс-тәжірибесін насихаттайтын басылымды жаңалықтың жаршысы десек артық айтқандық емес.
Бүгінде өзінің тұрақты оқырманын қалыптастырып ұстаздардың тәжірибе алмасуына «алтын көпір» болып отырған басылымға әріптестерімнің де жазылып, өрісін кеңейтсе екен деген ниетім бар.
Базарбай Дүйсенбиев,
«Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Үздік педагог — 2012» байқауының жеңімпазы.
Тараз қаласы.