ҚАДІРМЕНДІ ҰСТАЗДАР, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие сіңіруде ұстаздар қауымының жауапкершілігі мен атқарар еңбегі ерен. Халқымыздың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген екен. Осындай қыр-сыры мол мамандықты терең меңгеріп, адамзаттың көңіліне сәуле ұялатқан абыройлы еңбектеріңіз ақталып, ұстаздық мәртебелеріңіз биіктей берсін. Ұстаздарын ұлықтайтын шәкірттеріңіздің қатары ұлғая берсін, абыройдың асқарынан, беделдің биігінен түспеңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, аманшылық, еңбекте шығармашылық табыс тілеймін!
Райхан БОСТАНОВА,
облыстық «Білім шырағы» газетінің редакторы.