Ещё один сайт на WordPress

БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНГЕН КҮН

0

Биылғы жаңа оқу жылы жағымды жаңалығын ала келді. Екі жылға жуық қашықтықтан білім алған балғындар мектептеріне оралып, ұстаздарымен қауышты. Жаңа оқу жылындағы жаңалықтың бірі – облыста 11 жаңа мектеп пайдалануға берілетіні. Осы жаңадан бой көтерген ғимараттардың есебінен биыл облыста 1 апатта, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілмек. Облыс бойынша жаңа оқу жылының басында 8 мектеп есігін айқара ашып, балалардың қуанышы еселене түсті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы меркесіне орай 30 тамыз күні облыс орталығында орналасқан Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де ерекше мән беріліп, оқу ордасының аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұлардың барлығы «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, білім беру мекемесінде жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, «Шахмат тақтасы», «Лабиринт» секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар Білім күнінде Тараз қаласындағы 318 орынды №2 орта мектеп, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орынды орта мектеп, Қордай ауданы Масаншы ауылындағы 1200 орынды білім ордасы және аталған ауданның Күнбатыс-2 ауылында 150 орынды оқу ошағы ел игілігіне берілді.
Өңір басшысы Б.Сапарбаев жаңа білім ордаларының ашылу салтанатына қатысты. Мектеп құрылысына 1 млрд. 200 млн. теңге қаражат бөлінген. Аталған мектепке Әл-Фарабидің есімін беруді ұсынып отыр ауылдастар.
Мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін жыл сайынғы қолдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы аймақта 23 білім нысанының құрылысы басталған болатын. Жыл соңына дейін тағы 3 білім ошағы, 3 мектепке жапсарлас оқу ғимараты балғындардың құшақ жая қарсы алады деп күтілуде.

«БШ» — ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.